Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде «Жеті қайқы ізімен» атты жыр кеші өтті. Рухани шарада өңірдің 21 жыршысы мен дәстүрлі әншісі қатысты. Олар Маңғыстаудың төл жырлары мен халық әндерін орындап, көрерменге ұлттық өнерді паш етті.