Такси қызметін көрсететін көліктердің барлығы бірдей заң талаптарына сай жұмыс істей бермейді. Ақтауда полицейлер көлік бақылауы қызметкерлерімен бірлесіп, жолаушыларды заңсыз тасымалдағандарды анықтау мақсатында рейд жүргізді. Осындай тексеру жұмыстарына инспекторлармен бірге біздің түсірілім тобы да қатысып қайтқан болатын.