Қаламқас кен орнында еңбек ұжымдарына арналған «Салауатты сана» керуені ұйымдастырылды. Кездесу барысында ұлттық құндылықтар, отбасы тәрбиесі және салауатты өмір салты тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.