Маңғыстау облысында заң талаптарына сәйкес тіркелмеген мопедтерге қатысты бақылау күшейтілді. Әсіресе елді мекендерде кәмелетке толмағандардың мопед тізгіндеп, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері тұрғындардың алаңдаушылығын туғызуда. Осыған байланысты Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылында полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен рейд ұйымдастырылды.