Ақтауда «Career Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға 60-қа жуық мемлекеттік мекеме, ұлттық және жеке компаниялар, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілері қатысып, өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкенің басты мақсаты - NEET санатындағы жастарды, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ету.