Негізгі Жаңалықтар Тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Ақтау қаласындағы MAEK Kuat Residence тұрғын үй кешенінде өрт шықты. 112 қызметіне көпқабатты үйде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына мамандар жедел жетіп, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтау барысында 8 адамды, оның ішінде 3 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Сонымен қатар 60 тұрғын, оның ішінде 21 бала өздігінен эвакуацияланған. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. 

Бөлісу