Шекарада заңсыз тасымалдың жолы кесілді
Шекарадағы заңсыз тасымалдың жолы кесілді. Өзбекстанмен шекаралас аумақта орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде дизель отынын заңсыз әкетудің жолы кесілді. Тексеру барысында жүк көліктеріне зауыттық конструкцияда қарастырылмаған қосымша жанармай бактары орнатылғаны анықталды. Нәтижесінде көліктерден жалпы көлемі 1395 литр дизель отыны тәркіленді. Ал «Темір-баба» кеден бекетінде шекара арқылы контрабандалық тауарларды заңсыз өткізуге бағытталған екі әрекетке тосқауыл қойылды.