"112 Resort aqtau" құтқарушыларға арналған кешен
Ақтауда Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлеріне арналған "112 Resort Aqtau" демалыс базасы ашылды. Каспий жағалауындағы жаңа нысан құтқарушылар мен олардың отбасыларының демалуына арналған. Базаның ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы қатысты.