Спорт пен қаржылық сауаттылықты ұштастырған фестиваль өтті
Ақтауда салауатты өмір салты мен қаржылық сауаттылықты насихаттаған ерекше фестиваль өтті. Теңіз жағасында ұйымдастырылған шараға кәсіби спортшылар, еріктілер , сарапшылар мен қала тұрғындары қатысты. Фестиваль аясында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.