Ұлы ақын рухына құрмет көрсетілді
Бүгін - Абай күні. Ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ел көлемінде тағылымды шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай Ақтау қаласында да Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар мен қала тұрғындары және қонақтары қатысты.