Ақтауда ерекше балаларға арналған 3 күндік лагерь басталды. Алғашқы пилоттық жобаға әртүрлі жастағы 30 маңғыстаулық қатысып жатыр. Тәжірибелі мамандар оларға арнап қызықты ойындар, шеберлік сабақтары мен спорттық жарыстар өткізбек. Игі істі қолға алған қоғам белсенділері лагерь арқылы балалардың көңілді жазғы демалыс сыйлап, рухани қолдау көрсетуді мақсат еткен.