Жастар зияткерлік ойында бақ сынады
Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бастамасы аясында еліміздің өңірлерінде түрлі рухани-танымдық шаралар ұйымдастырылуда. Осындай игі шаралардың бірі - Бейнеу ауданында Жастар күніне орай өткен «Кітап - алтын қазына» атты зияткерлік ойын. Білім додасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Азаматтық Альянсының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Ауылдағы азаматтық бастамалар - қоғамның тамырына тірек» жобасы аясында өтті.