Теңіз шекарасын күзететін сарбаздар
Шекарашылар күні қарсаңында түсірілім тобы Каспий айдынын күзетіп жүрген теңіз сақшыларының қызметімен танысты. Теңіз шекарасын бақылау, браконьерлерге тосқауыл қою және кез келген қауіпке дайын болу - Жағалау күзетінің басты міндеті. Біздің тілшілер әскери кемемен теңізге шығып, матростардың күнделікті қызмет барысын өз көздерімен көріп қайтты.