Сайлау учаскесінің төрағаларына арналған семинар
Жаңаөзен қаласындағы сайлау учаскелері саяси науқанға толық дайын. 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауының ашық әрі талапқа сай өтуін қамтамасыз ету үшін учаскелердің материалдық-техникалық базасы қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастырған каскадтық семинар өтті. Оған сайлау учаскелерінің төрағалары мен мүшелері қатысты. Жиын барысында қатысушыларға сайлау заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, дауыс беру процесін ұйымдастыру тәртібі жан-жақты талқыланды.