Негізгі Жаңалықтар Маңғыстауда саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды жұмыстарын жалғастыруда

Маңғыстауда саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды жұмыстарын жалғастыруда

Маңғыстауда саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды жұмыстарын жалғастыруда

Маңғыстау облысында саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды науқан аясындағы ақпараттық-түсіндіру және тұрғындармен кездесулер өткізу жұмыстарын жалғастыруда. Партия өкілдері елді мекендерде, қоғамдық орындарда және еңбек ұжымдарында азаматтармен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауда.

«Әділет» партиясының қала және аудандық сайлауалды штабтарының өкілдері сауда орындары мен тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Есіктен есікке» акциясы аясында азаматтармен кездесулер ұйымдастырылып, олардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар сайлауға қатысудың маңыздылығы туралы ақпарат беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы теңіз жағалауында тұрғындар мен демалушылар арасында ақпараттық жұмыстар жүргізді. Партия өкілдері сауалнама өткізіп, азаматтардың пікірлерін тыңдады және сайлауға қатысты ақпараттық материалдар таратты. Кездесулер барысында сайлау туралы ақпарат беріліп, азаматтардың белсенді қатысуының маңызы айтылды.

«Байтақ» жасылдар партиясының Маңғыстау облыстық филиалы Маңғыстау ауданының Шетпе және Қосбұлақ ауылдарында тұрғындармен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары халықпен тікелей байланыс орнату форматында жүргізілді.

«Қазақстан Халық Партиясының» Маңғыстау облыстық филиалы өңір тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырды. Іс-шараларда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, тұрғындарды толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасты.

«Ауыл» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы сайлауалды науқан аясында «Таза Қазақстан» акциясын ұйымдастырып, «Есіктен есікке» форматындағы жұмыстарды жүргізуде. Партия өкілдері тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды. Сонымен бірге азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы Жаңаөзен қаласындағы «Бөкен-Жәнібек» базарында тұрғындар және кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Кәсіпкерлердің ұсыныстары тыңдалып, сайлауға қатысты ақпараттық материалдар таратылды.

«Respublica» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы Форт-Шевченко қаласының жағалауында «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық іс-шара ұйымдастырды. Акция барысында демалушыларға қоршаған ортаны қорғау, қоқысты жинау және табиғатқа ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шарада экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы атап өтілді.

Осылайша, өңірдегі партия филиалдарының сайлауалды науқаны аясындағы жұмыстары әртүрлі форматта ұйымдастырылуда. Олардың қатарында тұрғындармен тікелей кездесулер, «Есіктен есікке» акциялары, сауалнамалар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және қоғамдық-экологиялық бастамалар бар. Кездесулер барысында азаматтардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдауға және сайлау туралы ақпарат беруге басымдық берілуде.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар