Бір қолында ине-жіп, екінші қолында дәнекерлеу аппараты. Бейнеу ауданының тұрғыны Дина Аманжолқызы көпшілік қалыптастырған түсінікті өзгертіп келеді. Ол тігіншілікпен де, дәнекерлеумен де айналысады. 32 жастағы 5 баланың анасы Дина ұлттық аспап домбыраны да жасай алады. Саусағынан өнер тамған шебердің негізгі мамандығы медбике.