Ақтауда зағип жандар еңбек ететін өндіріс орны бар. Жарты ғасырға жуық тарихы бар кәсіпорында қаптама өнімдері, тігін бұйымдары, төсек жабдықтары мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар шығарады. Бірақ тігін цехының жұмысы бүгінде тұралап қалған. Бұған басты себеп - өнімге деген сұраныстың төмендеуі. Кәсіпорын басшысы отандық өнімге қолдау көрсетуге шақырды.