Ақтауда «Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздік символы» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті. Байқауды Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды. Оған аудандық және қалалық кезеңде жеңімпаз атанған өзбек, лезгин, орыс және татар этностарының төрт өкілі қатысты.