Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды жеке қабылдап, олардың талап-тілектерін тыңдады. Ақтаудағы Азаматтарды қабылдау орталығында өткен кездесуде тұрғын үй, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, жер қатынастары мен кәсіпкерлікке қатысты мәселелер көтерілді.