Қазақ мәдениетін цифрлық әлемде танытатын жаңа жоба. Ақтаулық 19 жастағы Есбол Азан жасанды интеллект көмегімен отандық 3D ойын әзірледі. «Sardar» деп аталатын туындыда ойыншы кейіпкерлермен еркін диалог құрып, оқиға желісіне тікелей әсер ете алады. Яғни, әр әрекетке қарай сюжет те өзгеріп отырады. Жас өнертапқыштың жобасы бірнеше байқауда жоғары бағаланып, Есболды жеңіс тұғырына шығарды.