Ақтауда мемлекеттік қызметкерлер арасында республикалық "Тіл шебері" байқауының облыстық кезеңі өтті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мамандардың білімі мен біліктілігі сынға түскен сайысқа Бейнеу және Маңғыстау аудандарынан іріктеуден өткен төрт қатысушы қатысты.