Чемпион мен оның жеке бапкеріне пәтер кілті табысталды
Бүгін Жантілек Нұртілепұлы мен оның жеке бапкері Қайрат Иманғазиевке пәтер кілті табысталды. Тұрғын үйлер демеушілердің көмегімен жүзеге асты. Бұл - чемпионның тарихи жеңісіне көрсетілген үлкен қолдау әрі оның еңбегіне берілген лайықты баға. Оның жеңісі бүкіл облыс үшін ерекше оқиғаға айналды. Бүгінгі көрсетілген құрмет - тек чемпионға ғана емес, бапкер еңбегіне де берілген баға. Бұл жеңіс - жылдар бойғы дайындықтың, маңдай тердің және кәсіби ізденістің нәтижесі.