Негізгі Жаңалықтар Каспий теңізінде үш адам құтқарылды

Каспий теңізінде үш адам құтқарылды

Каспий теңізінде жоғалып кеткен үш ер азамат құтқарылды. Оқиға кеше кешкі уақытта Жаңаөзен қаласына қарасты «Кендірлі» демалыс базасы маңында болған. «112» құтқару пультіне үш тұрғынның үрлемелі қайықпен теңізге шығып, екі сағат бойы байланысқа шықпағаны туралы хабар түскен. Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар министрлігі мен ҰҚК Шекара қызметінің күштері жұмылдырылды.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар