Ұлттық ұлан сарбаздарының қатарына тағы 200-ге жуық сарбаз қосылды. Еліміздің әр облысынан келген жігіттер бір ай бойы оқу-жаттығудан өтіп, кеше ресми түрде сарбаз атағын иеленді. 6656 әскери бөлімінде борышын өтеуге келгендер Отан қорғау қызметіне кірісуінің құрметіне ант қабылдады.