"Солтүстік-Оңстүстік" сауда-экспорттық форумы аясында делегация мүшелері өңірдегі теңіз порттарын аралады. Алдымен 12 елден келген қатысушылар Ақтау теңіз портының жұмысымен танысты. Содан соң арнайы экономикалық аймақта жиын ұйымдастырылды. Онда Маңғыстаудың транзиттік әлеуетін дамыту мәселесі сөз болды. Өңірде алғаш рет өткен ауқымды жоба - жалпы аймақтың экономикасын ілгерілету үшін маңызды дейді облыс әкімінің орынбасары.