Мұнайлы ауданының №3 арнайы мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Прокурорлардың тексеру жұмыстарының нәтижесінде білім мекемесінің басшысы бірқатар заң бұзушылыққа жол берген. Сондай-ақ, мектеп директоры қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген. Аталған жағдайға қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.