Ақтау қаласының 19-шы шағын аудан "Өрлеу" кешенінің тұрғындары үй маңына салынатын павильонға қарсы. Айтуларынша көлік қозғалысына кедергі келтіреді. Ал, кәсіпкер болса, әуел баста жерді алған кезде жолдың жабылмайтыны айтылған. Енді, бұл сауда орын салынса, өрт сөндіру, жедел жәрдем көлігінің кіруі қиындайтынын жеткізді. Қауіпсіздікке алаңдаған тұрғындар әкімдіктен жауапты мамандарды шақырып, құрылысқа келіспейтіндерін жеткізді.