Жыл басынан бері 31 маңғыстаулық АИТВ-инфекцисын жұқтырды. Бұл былтырмен салыстырғанда 6 жағдайға аз. Ал 20 мен 29 жас аралығындағы 10 адамнан қауіпті вирус анықталса, өткен жылы олардың саны 12-ге жеткен. Мамандар өңірдегі ахуалдың тұрақтылығын дәрігерлердің тұрғындар арасында жүргізген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінен екенін айтады. Мәселен, биыл АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлері білім беру ұйымдарына, жастар орталығы мен жоғары оқу орындарына барып, 3 мыңнан астам адамға түсіндірме жүргізген. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғаса бермек.