Ақтаудағы Сарайшық тұрғын үй кешенінің тұрғындары алған үйінің сапасына сын айтады. 4 жыл бұрын баспана алдық деп қуанған үй иелерінің бүгінгі таңда бұл үйді салған компанияға наразылығы қатты.  Ауласы тар, үйдің іргетасы әбден отырып қалған. Соның кесірінен су, жылу, кәріз құбырларына қирау қаупі төніп тұр. Ал үйдің сыртындағы инженерлік желілер әлі тиісті коммуналдық мекемелердің қарауына өтпеген.